Президент
Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев қамауға алынды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан ресми хабарламаға сәйкес, оған Қылмыстық
кодекстің 185-бабының бірінші және екінші бөлігі бойынша айып тағылған. Яғни
Майлыбаев "мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету" сынды
бірнеше факт бойынша күдікті деп танылып отыр.
Еске салсақ, мемлекет басшысының
Жарлығымен Бағлан Майлыбаев Қазақстан Президенті Әкімшілігі басшысының
орынбасары болып 2011 жылдың қазан айында тағайындалған.Сондай-ақ Президент
Әкімшілігінде қызмет істеген Николай Галихин де дәл осындай айыппен қамауға
алынды.