Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Шымкентте жарылыс болған үй газ желісіне рұқсатсыз қосылған - ТЖБ

AstanaTV
16.01.2017ж. 20:00
3041
Шымкентте жарылыс болған үй газ желісіне рұқсатсыз қосылған - ТЖБ

Шымкентте газ жарылысы болған үйдегі қосалқы ғимаратқа көгілдір отын рұқсатсыз тартылған. Бұл туралы Астана арнасының тілшілеріне  қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшылығы айтты.

Рауан Усербаев, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

Орнында құжат бойынша тек гараж болатын, ол 1975 жылы қабылданған. Бірақ үй иесі сол гараждың үстіне тұрғын бөлмесін қосып соққан, газды негізгі үлкен үйден  тартқан. 

Еске салайық, 8 қаңтар күні Шымкентте газ-ауа қосындысы салдарынан жарылыс болып, екі отбасы зардап шеккен еді. Бір адам қаза тауып, төрт тұрғын құтқарылған. Қазір екі адам ауруханада. Дәрігерлер олардың беті бері қарап келе жатқанын айтады. Ішкі істер  қызметі оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған. Тергеп-тексеру амалдары әлі жалғасып жатыр. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ