Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Микроқаржы ұйымына жүгінген 2 миллион тұрғынның жеке дерегі тарады

11.03.2024ж. 20:00
264
Микроқаржы ұйымына жүгінген 2 миллион тұрғынның жеке дерегі тарады

Микроқаржы ұйымына жүгінген азаматтардың жеке дерегі тарап кетті. Қазір 2 миллион тұрғынның ақпараты ашық дереккөзде жүр. Осыған байланысты Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады. EgovMobile арқылы мәселені шешудің жолын ұсынды. Егер сіз мобильді қосымшасынан хабарлама алсаңыз, бірден Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жүгініңіз.

Ырысты ЖӘЛІЛХАНОВА, ҚР ЦДИАӨ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Мұндай хабарлама 2 жағдайда келуі мүмкін. Біріншісі – егер сіз МҚҰ тұтынушысы болсаңыз және сіздің дербес деректеріңіз заңсыз таралған жағдайы. Бұл, сәйкесінше, әкімшілік жауапкершілікке алып келеді.