$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанай облысында бастауыш партия ұйымдарының бірінші форумы өтті

15.03.2024ж. 20:00
544
Қостанай облысында бастауыш партия ұйымдарының бірінші форумы өтті

Бастауыш ұйымдар – партияның негізгі қозғаушы күші. Қостанайда «АМАNАТ» партиясы Қостанай облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдарының бірінші форумы өтті.Тобыл өңірінде 262 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. 45 мыңға жуық мүшесі бар. Партия белсенділері халықпен тығыз қарым-қатынас орнату арқылы, жемісті жұмыс істеп келеді. Мәселен соңғы екі айдың өзінде қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 1325 өтініш келіп түссе, оның жеті жүзге жуығы оң шешімін тапқан.Аймақтағы бастауыш партия ұйымдары «Ардагерлерді ардақтайық»,«Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және өзге де жобаларды іске асыруға ерекше атсалысып отыр. Ал «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында облыстың мыңнан астам тұрғыны қаржылық сауаттылығын арттырған. «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде 279 шағын несие берілді. Жиынға екі жүзге тарта адам қатысты.Олар тәжірибесімен бөлісіп, межелі жұмысты жандандыру жолдарын талқылады.Қатарға қабылданған жастарға партия билеттері табысталды.

Қымбат БІРМАНОВА, РУДНЫЙ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ «№1 ШАҒЫН АУДАН» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Маңызды деген мәселелер партиялық жобаларға енгізілген.Бұл бізбен сіздің атқаратын жұмыс екені осы жерде айтылды. Секциялық отырыстарда қандай пробеламалар бар?Соны қалай жоямыз.Міне осы бағытта бірлескен шешімді ұсыныстар арқылы өз жоспарымызға енгіземіз деген ойдамыз.