Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ұлттық кітап күні белгіленеді

15.03.2024ж. 20:00
374
Ұлттық кітап күні белгіленеді

Қазір бала түгілі үлкендерде желіге әуес болып алды. Президенттің Құрылтайда көтерген тағы бір тақырыбы – осы. Интернетті талғамсыз пайдалану жас ұрпаққа теріс ықпалын тигізе бастады. Оны зиялы қауіп өкілдері де айтып отыр. Бұл тұста жастарды кітап оқуға баулу – аса маңызды. Осы тұста Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеуді ұсынды. Қоғам қайраткерлері оны қос қолдап қолдайтынын жеткізді. Тек тойлап қана қоймай, оқулықтардың сапасына мән беру керегін айтты. 

Алмас ШҮКІЖАНОВА, ҰСТАЗ:

Қазіргі жазылған оқулықтарда, біріншіден, жүйелілік жойылған. Екіншіден, логикалық байланыс жоқ. Үшіншіден, ол оқулықтарда дедактиканың негізгі принципы, қарапайымнан күрделуге өту деген принцип жойылған.

Президент құндылық болмаса көшбасшы елдер қатарына қосылу қиынға соғады, - деді. Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс Кенжеғали Мыржықбай бұл пікірмен толық келісетінін айтты. Әсіресе, классикалық өнерді дамыту керек деп санайды. 

Кенжеғали МЫРЖЫҚБАЙ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ:

Ұлттық құрылтай – елдік алаң. + Мамандығына қарамай барлық оқу орнында осы өнерге орын берілсе, қатігездік, надандық деген болмайды. Бізде қазір пиар, халтураны шедевр ретінде көрсету белең алып бара жатыр. Сондықтан әр өнер саласының қауымдастығын жаңадан құру керек деп ойлаймын.