Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Елордада қазақ күресінен ЖОО студенттері арасында турнир өтті

19.03.2024ж. 20:00
294
Елордада қазақ күресінен ЖОО студенттері арасында турнир өтті

Елордада қазақ күресінен студенттер арасында турнир өтті. Оны "Жастар рухы" жастар қанатының қалалық филиалы мен Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті ұйымдастырды. Жарысқа елордадағы барлық жоғары оқу орындарынан 150-ден астам жас қатысты. 

Мағзұм АРСЛАНБЕК, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Басты мақсатымыз- ол осы жерде спортты дәріптеу, ұлттық спортты дәріптеу. Өйткені жақында ғана біздің мемлекет басшымыз Қ.Тоқаев айтқандай бізде қазір наркотикалық бойынша қазір үлкен проблема бар. Сонымен күресу жолында үлесімізді қосамыз деп осындай турнирлерді жиі өткізу жоспарымызда бар.