Қазақстандықтар
2016 жылы 900 миллион долларға көлік сатып алған. Бұл жөнінде Қазақпарат
хабарлады. Ресми диллерлер өткен жылы 43
845 жеңіл көлік сатқан. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 53,6 пайызға төмен. Шетел
валютасына шаққанда нарық 869,9 млн АҚШ долларын құрап отыр. Өз иесін тапқан
темір тұлпарлардың 32 959-ы импорт, ал
10 886 машина қазақстандық автозауыттардың үлесінде. Елімізде сұранысқа ие
брендтердің көшін «Toyota» бастап тұр, яғни есепті кезеңде 8 809 жапон көлігі
өткізілді. Ресейлік «Lada» диллерлері 8 146 көлік сатса, үздік үштікті 3 742
автокөлігіне тұтынушы тапқан «Renault» компаниясы түйіндеп тұр.