Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Президент Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады

AstanaTV
21.03.2024ж. 20:00
350
Президент Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады

Президент сапар барысында, Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады. Кездесуде еліміздегі мәдениет саласының дамуы мен өзекті проблемалары талқыланды. Мемлекет басшысы сондай-ақ, «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының басшысы Гүлмира Илеуованы қабылдады. Ұлттық құрылтай мүшесі, әлеуметтанушы Гүлмира Илеуовамен кездесу барысында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген мәселелер қарастырылды. Мұнан кейін Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Серкебаеваны қабылдады. Жәмила Серкебаева музыка өнеріне қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, еліміздегі музыкалық инфрақұрылымды жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.