Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Мерекелік шаралар ертең де жалғасады

21.03.2024ж. 20:00
854
Мерекелік шаралар ертең де жалғасады

Астанада мерекелік шаралар ертең жалғасады. Барлық ауданда, барлық алаң мен үйлердің аулаларында наурыз мерекесі ерекше аталып өтіледі. Сондай-ақ ұлттық ойындар ойнатылады. Оған дайындық қазір қызу жүріп жатыр. Қалалық алаңнан тілшіміз Дәрібек Бахытбек тікелей эфирге қосылады. Дәрібек.....

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Иә, Дастан. Ертеңгі мерекелік шараға қазір дайындық пысықталып жатыр. Көріп тұрғандарыңыздай, қалалық алаң жарық шамдармен безендірілген, мерекелік атмофера сезіліп тұр. Ертең де қала әсем әнмен, жырға бөленбек. Тағы қандай бағдарлама жоспарланған? Оны ұйымдастырушылардың өзінен білейік.

Ертең бұл жерде қандай шаралар өтеді? Тұрғындарға қандай сыйларыңыз бар?

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Өздеріңіз естідіңіздер, ертеңгі күнге жоспар керемет. Ұлыстың Ұлы күні-күн мен түн теңеліп, нағыз көктемнің шуағы сезіліп, жер жүзі қайта түлейтін шақ. Самарқанның көк тасы еритін сәтте Астанада да күн сәл жылығандай болды. Қыдырып жүрген халық көп. Бәрінің көңіл-күйі керемет. Мендегі бар ақпарат осы, Дастан сөз өзіңізде...