Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір олимпиада жолдамасы түсті

AstanaTV
26.03.2024ж. 15:00
739
Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір олимпиада жолдамасы түсті

Батутты гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Данил Мұсабаев Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Данил Мұсабаев батутты гимнастикадан Париж олимпиадасында өнер көрсету құқығына ие болды. Отандасымыздың әлем кубогі кезеңдеріндегі нәтижесі олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік берді. Ол 2023 жылы Португалияда 9-орын, АҚШ-та 20-орынға ие болып, жыл бойы өткен әлем кубогі кезеңдерінің ішіндегі екі үздік нәтижесінің арқасында лицензияға ие болды.

Айта кетейік, батутты гимнастикадан олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды. Парижде 16 ер адам мен 16 әйел адам сынға түседі. Қазақстан жалпы есепте 14-орында тұр.