Қарағандыда еріген қардың салдарынан нөсер құдықтары толып кету нәтижесінде екі көше су астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
26 наурыз сағат 16-05-те Қарағанды қаласында қарқынды еріген қардың салдарынан нөсер құдықтары толып кету нәтижесінде Шахтерлер даңғылы мен Сатыбалдин көшесінің қиылысы су астында қалды. Нөсер құдықтары жүйесі 100% жұмыс істеп тұр. Судың тасуы нәтижесінде 10 қабатты тұрғын үйдің жертөлесі су астында қалды, - делінген ведомствоның хабарламасында.
ЖАО, ТЖД және 52859 ә/б күшімен 66 адам және 12 бірлік техника құрамындағы күштер мен құралдар оқиға орнында суды сору, бұру, қорғаныш үйіндісін тұрғызу және қапшықтарды төсеу бойынша жұмыстар ұйымдастырды.
Сағат 21.00-дегі жағдай бойынша су деңгейінің төмендеуі байқалады, жұмыс жалғасуда. Жағдай бақылауда.