Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Өткен жылы халыққа мемлекеттік қызметтің 174 түрі көрсетілген

AstanaTV
20.01.2017ж. 20:00
2598
Өткен жылы халыққа мемлекеттік қызметтің 174 түрі көрсетілген

Өткен жылы Қызылорда халқына мемлекеттік қызметтің 174 түрі бойынша үш милионнан астам қызмет көрсетілген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 31 пайызға артық. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы комиссия отырысында бірқатар деректер айтылды.

Рейтинг бойынша Мемлекеттік корпорация ең алдыңғы саптан көрінсе, электронды қызмет түрлері екінші орында. Азаматтар оны ыңғайлы, тиімді әрі сапалы деп санайды. Сұраныс та басым. 43 мыңнан астам отбасы балабақша  кезегіне тұрса, 17 мыңдайы дәрігердің қабылдауына жазылған. Оң мың адам мұрағат анықтамаларын алған, 4500- дейі неке қиюды тіркеген.

Индира Ақжігітова, Қызылорда облысы әкімі аппаратының бөлім басшысы:

Корпорация қызметтері санын елу пайызға көтердік. Ал электронды он-лайн қызметтері санын 32 пайызға ұлғайттық. Бұл сыбайлас жемқорлық әрекеттерің алдын алуға, яғни болдырмауға деген фактілер. Яғни үйінде отырып, компьютермен, ешқандай қарым-қатынас жасамау арқылы да қызмет алуға болатын мүмкіншіліктер мәселесін кеңінен насихаттауымыз қажет.

Комиссия отырысында қаралған тағы бір маңызды жәйт - азаматтарды тіркеу мәселесі. Облыс бойынша бұл жұмыс өз деңгейінде өткізіліп жатыр.

Райхан Ысқақова, облыстық мәслихат депутаты, «Нұр Отан»  фракциясының мүшесі:

Қазір тіркелу - ең манызды сұрақ. Біздің облыста қазір бұл жұмыс жақсы қойылған.