Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақсу ферроқорытпа зауытында оқушыларға саяхат ұйымдастырылды

AstanaTV
20.01.2017ж. 20:00
6346
Ақсу ферроқорытпа зауытында оқушыларға саяхат ұйымдастырылды

«Нұр Отан» партиясы Ақсу ферроқорытпа зауытында оқушыларға арнап экскурсия ұйымдастырды. Жеткіншектер Павлодар өңіріндегі ірі өндіріс ошағының тарыхымен танысып, шығаратын өнімі жайлы мағлұмат алды. Мұндай шара кәсіпорында жиі өткізіліп тұрады.

Ақсу қаласына қарасты Үштерек ауылындағы мектептің 9-шы сынып оқушылары бұл саяхатты асыға күткен. Олардың пікірінше, мұндай экскурсиялар арқылы туған өлке туралы тұшымды ақпарат алуға мүмкіндік бар. Мамандық таңдауға да оң септігін тигізеді. Кәсіпорынның тәжрибелі жұмыскерлері еңбек жолындағы қызықты оқиғаларымен бөлісті. Жеткіншектер зауыт көрмесіне қойылған жәдігерлер арқылы әр жылдағы жетістіктермен жақын танысты.

Меруерт Мақсатхан:

Музейде маған барлық нәрсе ұнады. Мен Ақсу ферроқорытпа зауытының тарихымен таныстым. Көптеген қызықтарды көрдім. Зейнетке шыққан адамдарды көрдім. Олардың жетістіктерін көрдім.

Ақсу ферроқорытпа зауытында «Жастар - компанияның келешегі» жобасы жұмыс істейді. Мемлекеттік бағдарлама аясында қабылданған жоба арқылы өндіріс ошағы жергілікті оқу орындарымен байланыс орнатқан. Еңбеккерлердің 30 пайызы - отыз жасқа дейінгі жастар. Алты мыңдайы - "Нұр Отан" партиясының мүшесі.

Рустам Бакраденов, Ақсу ферроқорытпа зауыты техникалық директорының орынбасары:

Біздің зауыт білікті мамандарды қабылдауға дайын. Бүгінгі оқушы- ертеңгі маман. Демек, олар болашақта қай жерге жұмысқа орналасатынын білгені дұрыс. Мұнда не өндіріледі, ол өнім қай салаға қажет дегендей.