Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Атырауда былтыр 11 бала ата-анасына еріп Сирияға кеткен

AstanaTV
26.01.2017ж. 20:00
2509
Атырауда былтыр 11 бала ата-анасына еріп Сирияға кеткен

Былтыр халықаралық іздеу жарияланған 8 атыраулықтың бесеуі Сирияға шекара асып кеткен. Бұл туралы Атырау қалалық №2 сотының судьясы Гаухар Ибрашева айтты.

Гаухар Ибрашева, Атырау қалалық №2 сотының судьясы:

Үш ер адам ДАИШ лаңкестік ұйымының аясында Сириядағы билікке қарсы қарулы қақтығысқа қатысу үшін кеткен. Оның екеуі отбасымен, кәмелеттік жасқа толмаған балаларымен аттанған. Сондай-ақ екі әйел адам да кәмелетке толмаған балаларымен шекара асқан. Сотқа дейінгі тексеру оларды терроризмді насихаттады, ДАИШ террористік ұйымының жұмысына жәрдемдесті деп күдік келтіріп отыр.

Қалалық соттың дерегінше, ересектермен бірге 11 бала да Сирияға аттаныпты. Сондай-ақ, әйелдерінің бірі Сирияда әлеуметтік желілерге тіркеліп, қазақстандықтарды терроризмге насихаттаған, лаңкестік әрекет жасауға шақырған. Ал екіншісі террористік ұйымға қолдау көрсетіп, жәрдемдескен деген ақпарат бар. Сирияға шекара асқандардың барлығы 28 бен 36 жас аралығындағы дәстүрлі емес діни ағым өкілдері. Ал жуырда терроризмді насихаттады деген күдікке іліккен тағы бір азаматқа халықаралық іздеу жарияланып отыр. Судья оны Чехияға кетті деп отыр.