$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Қазақстанға келеді

AstanaTV
09.04.2024ж. 12:19
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Қазақстанға келеді

18-19 сәуір күндері Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары өтеді.

Сапар аясында екі елдің президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырысын өткізеді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар, Садыр Жапаров Қазақстандағы қырғыз киносы күндерінің ашылуына және басқа да бірқатар шараларға қатысады