"Орел мен Решка" бағдарламасы форматында өткен «Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты сенбілікте тұрғындарға тосын сый әзірленді. Қаланың үш жеріне ақшалай сыйлықтар жасырылды. Оның мөлшері – 50 мың теңге. Жалпы жүлде қоры – 150 мың. Оны қалай табуға болады? Тілшіміз айтады.
Әлеуметтік желідегі бұл тренді қала тұрғындарын сенбілікке шақыру мақсатында біз де түсірдік. Тазалық жұмыстарына кез - келген адам қатыса алады. Ақша қаладағы саябақтар, қоғамдық кеңістіктер, гүлзарлар және желек жолдарда жасырылуы мүмкін. Одан бөлек жасыл желектерді күтіп-баптау және егу бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар кезінде, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды күтіп-баптау бойынша іс-шараларда, қоқысты тазарту арқылы табуға болады.
Арсланбек МАҒЗҰМ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:
Осы акцияны біз қызықты форматта, өткізу үшін оны «Орел и Решка» форматында өткізейін деп жатырмыз. Бізде арнайы осы эко акцияға қатысушыларға кішкентай да бір сыйлықтарымыз бар. Ол елу мың теңге көлемінде үш локацияда осы сыйлықтар тығылатын болады. Жалпы осы акцияға келіп, осы қаламызды таза деген ниетпен келген адамдардың бірі тауып алады.
Сенбілікке үлкендерден бөлек балалар да өз үлестерін қосуда. Кішкентай көмекшілердің бірі -5 жастағы Айша.
Баян, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Біз қызымызбен бірге шықтық. Болмай тазалыққа, апама көмектесемін деп шықты. Бір жағынан балаларды тазалыққа баулыған жақсы ғой. Екінші жағынан елу мыңды табамын деп шықты, өзі қоймай-қоймай. Конкурс болғанын естідік. Соған бүгін міне Айша шықты жеңеміз деп ойлаймын.
Тазалықты қолдап, таң атысымен кәрі – жасы құрал саймандарын қолына алып, түрғын үй кешенінің айналасын мұнтаздай етіп тазалап жатқан Б.Момышұлы көшесінің тұрғындары. Ауладан он шақты қапшық қоқыс шығарылды.
Жарылқасын ОСПАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Бірінші күннен совет домадамын, сол себепті осы үйдің тазалығы, осы үйдің жақсылығы маған өте маңызды. Бүгінгі күні мінекей жастар да шығып жатырғ төртінші подъезден артымды жұмыс істеп жатыр мінекей. Немерем шығып жатыр. Жасы да бар кішісі де бар, үйге ат салысу керек.
Тұрғындар экологиялык акцияны жиі өткізіп тұруға әзір. «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» жане «Мөлдір бұлақ» деп аталған апталықтар негізінде көшелерді, тарихи ескерткіштер мен өзен-келдерді қоқыстан тазартып, көшеттер егеді.