$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Су тасқынынан зардап шеккендер мемлекеттен қандай көмек алады?

AstanaTV
16.04.2024ж. 20:00
819
Су тасқынынан зардап шеккендер мемлекеттен қандай көмек алады?

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттен берілетін көмек түрлерінің тізімі жарияланды.
Оларға 100 Айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді, жоғалған немесе бүлінген мүліктің ақысы өтеледі, барлық азаматтың кредиттік төлемдері 3 айға, яғни 1 сәуірден 30 маусымға дейін автоматты түрде кейінге қалдырылады, несие мерзімін кешіктіргені үшін өсімпұлдар мен айыппұлдар салынбайды, су тасқыны салдарынан кәсіптері шығынға ұшыраған барлық жеке кәсіпкердің, сонымен қатар шағын және орта бизнес субъектілерінің берген өтініші негізінде кредиттер бойынша төлемдері кейінге қалады. Сондай-ақ қарыз алушылардың банктермен және Мемлекеттік қауіпсіздік ұйымдарымен өзара іс-қимыл процесін жеңілдету үшін қашықтан өтінім беру сервисі іске қосылады.