$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мемлекет басшысы Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесті

16.04.2024ж. 20:00
556
Мемлекет басшысы Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесті

Солтүстік Қазақстан облысынан кейін Президент борты Қостанай облысына ұшып келді. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі қазіргі ахуалмен танысу үшін тікұшақпен су басқан аумақтарды аралап көрді. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, осы күнге дейін өңірдегі алты аймақта төтенше жағдай жарияланған. Бес жүзге жуық ауылдың 11-і судан зардап шеккен. 51 үй әлі де су астында қалып отыр. Бұдан бөлек, Президентке облыстың негізгі гидротехникалық нысандары Қаратомар, Жоғарғы Тобыл және Желқуар су қоймаларының жай-күйі жөнінде мәлімет берілді. Президент ахуалмен толық танысып болған соң, Тобыл қаласында орналасқан жедел штабта тұрғындармен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық белсенділік танытқан және апатқа бей-жай қарамай жанашырлық білдірген барша жұртшылыққа алғыс білдірді. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен сіздермен жүздесу үшін арнайы келдім. Жағдайдың күрделі екенін түсінемін. Мемлекеттің барлық ресурсы осы мәселені шешуге бағытталып жатыр. Кім пәтерге көшкісі келсе, біз пәтер сатып алып береміз. Кім өз қонысында қалғысы келеді, оларға типтік үлгідегі үйлер саламыз. Дегенмен қауіпті жерлерде қалуға мүлде болмайды. Мұндай үйлердің жобасы бар. Бұл үйлер қысқа дейін толықтай салынады. Мен Үкіметке алдағы жаз мезгілінде, сондай-ақ күзде барлық құрылыс жұмыстарын бітіру және апат салдарын толық жою жөнінде міндет жүктедім.