$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда апатты мұнай ұңғылары экологияға қауіп төндіріп тұр

AstanaTV
27.01.2017ж. 20:00
4111
Атырауда апатты мұнай ұңғылары экологияға қауіп төндіріп тұр

Атыраудағы мұнай ұңғымаларын тез арада жабу қажет. Өйткені олардың 90 апатты деп танылып, 14 қоршаған ортаға қауіп тудырып отыр. Аймақтағы табиғатты қорғаушылар осылай деп дабыл қағып отыр. Бірақ олар экологияға зиян шектіріп отырған мұндай ұңғымалардың аумағы мен оның қаншалықты залал келтіріп отырғанынан бейхабар. Айтуларынша, жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшартты Энергетика министрлігі жасаған.

Мамандардың қолдарындағы Инвестиция жане даму министрлігі 2010 жылы түгендеу кезінде анықтаған фактілер ғана. Өңірде 800-ден астам мұнай-газ ұңғымасы бар. Апатты деп танылған 90-ның екеуі ғана мемлекет меншігінде. Бір ұңғыма былтыр бітелсе, биыл екіншісін жабу жоспарланған. Қалған 88-і жер қойнауын пайдаланушыларға келісімшарт арқылы берілген. 14 қауіпті ұңғыманы мүлде жауып тастау қажет деген шешімге келген. Содан бері 6 жыл өтті, олардың қоршаған ортаға зияны артпаса, кеміген жоқ, - дейді аймақтағы табиғат қорғаушылар. Олардың дерегінше, экологияға зиян әкеліп отырған ұңғымалардың тоғызы "Ембімұнайгаз" АҚ, бесеуі "ҚазМұнайГаз" ҰК қарасты.

Орақ Бисембиев, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары:


88 ұңғыманың келісімшарттық аумағында орналасқаннан кейін ол тек қана жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан тығындалуы тиіс. Бір ұңғыманы тығындау әртүрлі ол тек қана жобалау сметалық құжаттарының көрсетілген бағамен атқарылатын болады. Әртүрлі жағдайда атқарылады. Біздегі мәліметтер бойынша, 10 миллионнан 250 млн теңге арасында құрайды.