Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Биыл жаз ыстық болады

19.04.2024ж. 20:00
365
Биыл жаз ыстық болады

Былтыр жазда ауа температурасы +44 градусқа дейін жетті. Биыл мұнан да ыстық болады дейді синоптиктер. 2024 жылды болжау үшін 2001 және 1994 жылғы ауа райы қарастырылған. Ауа температурасы әдеттегіден 1-2 °C жоғары болады. Алдын ала болжамдар бойынша, жаз маусымының ортасында Қазақстанның батысы мен шығысында күн қатты ысиды. Республиканың батысында жауын-шашын өте аз болады. Қалған аумақтарда ауа райы көп жылдарғы қалыптың орташа деңгейінде байқалады. 

Жұлдыз ИСАБЕКОВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жауын-шашынға келетін болсақ бізде екі қартамызға сәйкес. Яғни Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп күтілуде. Мамыр айына келетін болсақ, осы сәуірдің соңында 30-31 күні болжам шығатын болады. Арнайы температура әр облыс бойынша нақтыланады әлі де.