$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Жарна - 20 пайыз". Министр жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылатынын айтты

AstanaTV
23.04.2024ж. 10:43
501
"Жарна - 20 пайыз". Министр жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылатынын айтты

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев келесі айдан бастап жаңа ипотекалық бағдарламаның іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мамыр айынан бастап Отбасы банкімен жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылатын болады. Ипотекалық несие әлеуметтік осал топтарға 7 процентпен, қалған санаттағы азаматтар үшін – 9 процентпен берілетін болады. Алғашқы жарна - 20 пайыз. Осы жылы 300 млрд теңгеге 12 мың ипотекалық несие берілсе, одан әрі 8 мың несие беру үшін жыл сайын 200 млрд теңге қарастырылады, - деді Шарлапаев үкімет отырысында.