Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Астанада «Сирияға қатысты келісімдердің» техникалық талқылауы өтеді

AstanaTV
01.02.2017ж. 20:00
2323
Астанада «Сирияға қатысты келісімдердің» техникалық талқылауы өтеді

6 ақпан күні Астанада БҰҰ өкілдерінің қатысуымен «Сирияға қатысты келісімдердің» техникалық талқылауы өтеді. Бұл туралы халықаралық ұйым хатшылығының Сирия мәселесі бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура мәлімдеді. Келісім барысында соғысты тоқтату келісімінің механизмдері қаралмақ. Бұған дейін кездесудің 20-ақпанға белгіленгені айтылған еді. Саммит бұл жолы да АҚШ өкілдерінің қатысуынсыз өтуі мүмкін. Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Кролл кездесуге шақырту болмағанын айтты.

Ал 23-24 қаңтарда өткен «Астана процесіне» БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі жоғары баға беріп отыр. Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері  бұл басқосуды «Сириядағы бейбітшілікке ықпал ететін нақты қадам» деп бағалаған. Әсіресе дөңгелек үстелге билік басындағылармен қатар оппозиция мүшелерінің де келуі үлкен роль ойнады деген пікірде.

Стаффан де Мистура, БҰҰ хатшылығының Сирия мәселесі бойынша арнайы елшісі:

Астанада өткен Сириядағы соғысты тоқтату туралы келісімге 13 бірдей  қарулы топ мүшелері келсе, екінші жағынан үкімет мүшелері келді. Бас қосқандардың бейбітшілік туын желбіретуге қосатын үлесі айтарлықтай. Бұл бағытта үш бірдей мемлекет - Ресей, Түркия және Иран - кепіл болып отыр.   

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ