Петропавлда жиһаз сататын компания жетекшісі алаяқтық үшін ұсталды. Кәсіпорын басшысы тұрғындардан тапсырыс жинап, кейін міндетін орындамай жалтарып жүрген. Кейбіреулерінің жиһаз күткеніне бір жылдан асып кеткен. Жалған кәсіпкердің арбауына түскен адамдар бірінен соң бірі полицейлерге шағымданған. Осы уақытқа дейін 24 адамның жапа шеккені белгілі. Шығын көлемі - 15 млн теңге. Қазір тәртіп сақшылары басқа да зардап шеккен азаматтарды іздестіріп жатыр.
АСХАТ ӘЛМҰРЗИН, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Аталған фактіге қатысты күдікті ретінде Петропавл қаласының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушы соттың шешімі бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.