$458.28 €501.45 ₽5.59

Еңбек инспекциясы: макарон фабрикасында болған адам өліміне кәсіпорын кінәлі

AstanaTV
25.11.2026ж. 19:00
Еңбек инспекциясы: макарон фабрикасында болған адам өліміне кәсіпорын кінәлі

Қызылжарда макарон фабрикасында болған апатқа қатысты еңбек инспекциясы шешім шығарды. Комиссиясының қорытындысына сәйкес, адам өліміне толықтай кәсіпорын кінәлі.  Еске салайық, оқиға қазан айында еліміздегі ең ірі макарон фабрикаларының бірінде болды. Түнгі ауысымда жұмыс істеген қос жұмысшы қондырғыны тоқтатып, нан илегішті тазаламақшы болған. Темір қалақтардан қамырдың қалдықтарын түсіріп жатқан кезде қондырғы кенеттен қосылып кетіп, 35 жастағы жігітті ішіне тартып әкеткен. Жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды. Абырой болғанда екінші жұмысшы кешеннен секіріп үлгеріп, аман қалды. 

АЗАТ КӨШЕРБАЕВ, СҚО БОЙЫНША ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Арнайы комиссия бұл оқиғаға жұмысшының 100 пайыз кінәсін дәлелдеді. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құжаттар толық мөлшерде болмаған. Қазіргі кезде полиция департаменті ҚР қылмыстық кодексінің 156- бабына сәйкес іс қозғады.