$458.28 €501.45 ₽5.59

Алматыдағы түнгі атыс тұрғындардың зәресін ұшырды

AstanaTV
25.11.2026ж. 19:00
Алматыдағы түнгі атыс тұрғындардың зәресін ұшырды

Алматыдағы атыс тұрғындардың зәресін ұшырды. Түнгі сағат екілер шамасында Бостандық аудандық полиция басқармасына атыс болғаны туралы хабар түскен. Оқиға «Атакент» маңында болған. Куәгердің айтуынша, дулыға киген белгісіз ер адам мылтыққа ұқсас заттан оқ атып, кейін велосипедпен оқиға орнынан ізін суытқан. Күдіктінің ізіне түскен полиция қызметкелері көп ұзамай оны пәтерлердің бірінен ұстады. Пәтерді тінту кезінде бөлшектелген тегіс ұңғылы мылтық, 100 оқ-дәрі және екі гильза табылған. Барлығы тәркіленіп, қазір түнгі оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Заңсыз қару айналымы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазір түнгі оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Куәгер айтқандай, шынымен де оқ атылды ма, жоқ па? Оған тергеу барысында жауап беріледі.