$474.72 €515.17 ₽5.58
×

АИ-92 маркалы бензин бағасы тағы да қымбаттады

AstanaTV
06.02.2017ж. 20:00
3006
АИ-92 маркалы бензин бағасы тағы да қымбаттады

Бензин бағасы тағы да қымбаттай түсті. Бүгін сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензиннің бағасы кей жанармай бекеттерінде 143 теңгеге дейін көтерілді. Ең қымбат жанармай Павлодар мен Қостанай облыстарында. Онда аталмыш маркалы бензин 139-143 теңге аралығында. Астана, Қарағанды, Шымкент қалаларында 92 маркалы жанармай 141 теңгеге жеткен. Ал, Атырау, Ақтау, Орал қалаларындағы жанармай құны 139 теңгені құрап отыр. Ең арзан бензин Таразда, ондағы баға 138 теңгеден саудаланып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» 25 қаңтарда ақпаратттық хабарлама таратып, АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 145 теңге дейін қымбаттауы мүмкін деген болжам жасаған еді.