Астанадағы еуропалық кварталдардың жарықсыз, жылусыз және сусыз қалуы жоғары вольтты
электр сымдардың зақымдануынан болған. Кабельдерді "түсті металлдарды
ұрламақ болғандар" істен шығарған. «Астана аймақтық электр желілік
компаниясының» басшысы Наиль Сайфуллин осылай деді. Электр сымдарының бәрі жарамсыз
болып қалғандықтан, осыған жауапты тұрғын үйлерді салған құрылыс компаниясы 15
шақырымдық жаңа кабель сатып алмақ. "Ал қазір жылусыз қалған үйлерге
уақытша кабельдер тартылған. Жағдай бір қалыпты», - деді Найль Сайфуллин.
Айта
кетейік, ақпанның бесінен алтысына қараған түні «Италия», «Франция», «Ағылшын»
кварталдары және «Гранд Астана» мен КЕГОК-тың бас офисі жарықсыз, жылусыз
қалған болатын. Қала әкімі бұл жағдайды өз бақылауында ұстайтынын айтқан.
Наиль
Сайфуллин, «Астана АЭК» АҚ басқарма төрағасы:
Өкінішке
қарай, қалада түсті металлдарды ұрлаумен айналысатындар бар. Солардың кесірінен
осындай жағдай болып тұрады. Алайда кабельдердің зақымданғаны туралы былтыр
белгілі болған. Неге екені түсініксіз, ешқандай шара қолданбаған. Істен шыққан
электр сымдары бізге қарасты емес. «Базис-А»-ның еншілес компаниясы
«БазисҚұрылысИнвест» бұған жауап береді.