Шымкентте әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болған, - деп хабарлайды otyrar.kz.
Басылым мәліметінше, ол Айбергенов көшесіндегі тұрғын үйдің 4-қабатының терезесінен секіргісі келген.
Қорқынышты жайт куәгерлердің көз алдында болған. Олар дереу полиция шақырған. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген.
Әйел мұндай қадамға неліктен барғаны әлі белгісіз.
Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.