$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Шымкентте көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды

AstanaTV
18.05.2024ж. 11:36
548
Шымкентте көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды

Шымкентте көлік тізгіндеген 24 жастағы жүргізуші белгіленбеген орында жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Шамамен 50-60 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Otytar.tv.

Басылымның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 16 мамыр күні сағат 22.00 шамасында болған.

Kia Carnival көлігін тізгіндеген 24 жастағы жүргізуші Темірлан тас жолы бойымен келе жатып, әуежайдан кейін жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ер адам алған ауыр жарақатынан сол жерде көз жұмды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнынан бірнеше ондаған метр жерде жаяу жүргіншілер жолағы болған.

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Көлік айыптұраққа қойылды.