$474.83 €515.38 ₽5.5
×

ФИФА Израильді әлемдік футболдан шеттетуі мүмкін

AstanaTV
18.05.2024ж. 22:46
852
ФИФА Израильді әлемдік футболдан шеттетуі мүмкін

Бангкоктағы ФИФА-ның кезекті конгресінде Израильді әлемдік жарыстардан шеттету мәселесі талқыланады. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Dailysports сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған Палестина футбол қауымдастығы (PFA) бастамашы болды. Олардың шағымына өткен жылдың 7 қазанындағы ХАМАС шабуылынан кейін Израильдің Палестинаға қарсы әрекеті себеп болып отыр.

«ФИФА осыған дейінгі жағдайлар секілді жылдам әрекет етуі үшін Палестина футболы қаншалықты зардап шегуі керек?» - деді PFA президенті Джибриль Раджуб.

PFA қарарын Алжир, Ирак, Иордания, Сирия және Йемен футбол федерациялары қолдады.

«Біз Палестина қауымдастығының Израиль футболына зиян тигізу үшін дөрекі саяси және дұшпандық әрекетімен бетпе-бет келіп отырмыз», - деді Израиль футбол қауымдастығының президенті Шино Моше Зуарес PFA әрекетіне.

Айта кетейік, Израиль құрамасы УЕФА-ға бағынады. Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде ол плей-офф кезеңіне шығып, жартылай финалда Исландиядан жеңіліп қалған.