$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырау-Индер трассасы су өткізетін 6 құбыр салу үшін тағы уақытша жабылады

AstanaTV
22.05.2024ж. 21:57
718
Атырау-Индер трассасы су өткізетін 6 құбыр салу үшін тағы уақытша жабылады

Атырау-Индер трассасы су өткізетін 6 құбыр салу үшін тағы уақытша жабылады.

Бұл туралы Атырау облысының жедел штабы ақпарат таратты. 

«Бұған дейін Атырау-Индер трассасына су өткізетін 6 құбыр салынған болатын. Алайда, өр суының көтерілу деңгейінің басылмауына байланысты аталған трасса бойына тағы да осындай 6 құбыр салу қажеттігі туындады. Сол себептен, бүгін, 22 мамырда кешкі сағат 21:00-де «Атырау-Индер» трассасы уақытша жабылады. Құбыр орнату жұмысы шамамен 24-30 сағатқа созылады», -деп хабарлады облыстық жедел штабтан. 

Трассадағы құбыр салу жұмысына 30 адам мен 50 техника тартылады.