$450.79 €482.21 ₽5.05
×

Жошы хан туралы сериал ағылшын тілінде түсіріледі

AstanaTV
24.05.2024ж. 09:11
425
Жошы хан туралы сериал ағылшын тілінде түсіріледі

«Дара» президенттік бастамалары қоры Шыңғыс ханның ұлы Жошы туралы ағылшын тіліндегі сериал Қазақстанда таспаланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сериалды кім түсіреді?

«Дара» президенттік бастамалар қоры және Karga Seven Pictures компаниясымен фильмімен бірлесе отырып, Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның өміріне арналған алты бөлімді ағылшын тіліндегі гибридті деректі-драмалық сериал түсіре бастады, – делінген хабарламада.

Сериалда Жошы ханның өмір тарихы мен Алтын Орда империясының даму кезеңдері көрсетіледі.

Таспагерлер түсірілім күзде Қазақстан мен Түркияда басталады деп уәде беріп отыр. Karga Seven Pictures Netflix үшін «Империяның өрлеуі: Османлы империясы» және «Келісім: Мұсаның хикаясы» фильмін түсірді. Кинотуындылар 90-нан аса елде үздік 10 телехикая болды.

Жошы ханның өмір тарихы керемет эпика болғандықтан ол дүние жүзіндегі көрермендерді қызықтырары сөзсіз. Біз «Дара» қорымен осы ауқымды тарихи жобада ынтымақтасуға үлкен мән береміз, – деді Karga Seven Pictures шығармашылық директоры Эмре Шахин.