$450.79 €482.21 ₽5.05
×

Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков кітапханаға жеке қорынан 10 мыңға жуық кітап сыйға тартты

24.05.2024ж. 20:00
386
Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков кітапханаға жеке қорынан 10 мыңға жуық кітап сыйға тартты

Жазушы Мырзатай Жолдасбеков жылдар бойы жинаған 10 мыңға жуық кітапты кітапханаға сыйға тартты. Бүгін ұлттық кітапханада профессордың шығармашылығына арналған «Бар байлығым – кітаптарым» атты шара өтті. Мырзатай Жолдасбеков- түрік қағанаты кезіндегі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін алғашқылардың бірі болып зерттеген ғалым. Ол өзінің еңбектерінде қазақ жазба тарихын, ақын Жамбыл Жабаев пен Кенен Әзірбаевтың өмірі мен шығармашылығын талдаған. 

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Жинайтын дүние де мал да жоқ. Біз кітап жинадық. Кітапсыз үй - тақыр кедей сияқты көретінбіз. Қандай қымбат болса да кітап алуға тырысушы едік. Халықтың қажетіне жарасын деп мен осы кітаптарды түгел мемлекеттің қарамағына өткізейін деп келдім.