Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Банктердің бірігуіне әлсіз институттарды қатыстырмау керек

AstanaTV
10.02.2017ж. 20:00
1925
Банктердің бірігуіне әлсіз институттарды қатыстырмау керек

«Екінші деңгейлі банктердің бірігуіне әлсіз институттарды қатыстырмау керек». Бүгін Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша бас өкілі Марк Хортон Ұлттық банк төрағасына осылай деп кеңес берді.

Оның айтуынша, банктердің бірігуі қаржылай және заңдық тұрғыдан толық бағасын алғаннан кейін ғана жүзеге асуы қажет. «Қаржы секторындағы мәселелерді шешу үшін қосымша капитал мен екінші деңгейлі банктердің бірігуі - Ұлттық банк үшін қажетті шара. Банктер керекті капиталды арттыруы тиіс немесе жұмысын тоқтату қажет», - деді Марк Хортон.

Марк Хортон, Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша бас өкілі:

Банктердің бірігуі нарықтық тәртіппен еркін түрде жүзеге асуы тиіс. Әлсіз институттардың қатысуы арқылы бірігуден сақтану керек. Бұндай іс-шаралар банктерге заңдық тұрғыдан әрі қаржылай толық бағасын бергеннен кейін ғана жасалуы керек. Сондай-ақ, бірігуі арқылы пайда болған банк тұрақты және өміршең болатынына ресми органдардың көз жеткізуі қажет.

Саламат ОМАШ