Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жанболат Мамай М.Әблязовтың Қазақстандағы сыйбайласы болуы мүмкін

AstanaTV
10.02.2017ж. 20:00
3067
Жанболат Мамай М.Әблязовтың Қазақстандағы сыйбайласы болуы мүмкін

Тағы бір журналист құқық қорғаушылардың күдігіне ілікті. "Трибуна" газетінің бас редакторы Жанболат Мамай қашқын банкир Мұхтар Әблязовке "қолқабыс еткен" болуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро мамандары оны қамауға алып, тергеу амалдарын бастағанын хабарлады.

Жанболат Мамай "БТА Банкінің" қаражатын газет арқылы заңды қаржылай операциялар түрінде жымқырған" деген ақпарат бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мұны дәлелдейтін айғақтарды іздеп, тінту жұмыстарын қолға алған.

Айта өтейік, ведомство «БТА Банктің» бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовқа және өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА