Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

«СК-Фармацияға» 1,3 млрд теңге айыппұл салынды

AstanaTV
10.02.2017ж. 20:00
2098
«СК-Фармацияға» 1,3 млрд теңге айыппұл салынды

Еліміздегі дәрі-дәрмек тасымалымен айналысатын жалғыз дистрибьютер - «СК-Фармацияға» 1,3 млрд теңге айыппұл салынды. Монополияға қарсы орган аталмыш компания, өзінің беделін пайдаланып, өзге ұсақ компанияларға үстемдік көрсеткенін, анықтаған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің мамандары хабарлады.

Олардың ақпаратына сүйенсек, «СК - Фармация» ЖШС 2010-2015 жылдары дәрі-дәрмектерді заңсыз иемденіп, сақтап, кейін оны таратып отырған. Бұл өз кезегінде өзге де ұсақ дистрибьютерлердің ісіне орасан зор кедергі келтірген. Сондай-ақ бұл әрекеттер нарықтағы бәсекенің жолын бөгеп, қызметтер бағасының қымбаттауына әкеліпті. Қазір аталмыш заң бұзушылыққа қатысы бар болуы мүмкін тұлғалар тексеріліп жатыр, - деді министрлік мамандары.

Рустам Ахметов, ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары:


Тексеріс өткен жылдың қаңтар айында Қауіпсіздік кеңесінің тапсырмасы бойынша жүргізіліп, қазан айында аяқталған. Кейін іс сотқа жолданды. Бұл соңғы іс емес. Қазір дәрі-дәрмектерді жеткізгендер мен сақтағандарға қатысты тексеріс жұмыстары жүріп жатыр. Онда қазақстандық 3 фирма бар деп нақты айта аламыз. Барлық ақпарат тексеріс бітіп, сот аяқталған соң жария болады.

Бұған дейін президент Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа фармацевтика саласын дамытуға құлшынысы жоқ "СК - Фармация" басшылығын жұмыстан босатуды бұйырды. Келесі күні серіктестіктің басшысы Нұржан Әлібаев қызметінен кетті.