Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Аймақтық экономиканы әртараптандыру мәселелері талқыланды

AstanaTV
04.03.2016ж. 20:00
1337
Аймақтық экономиканы әртараптандыру мәселелері талқыланды

Аймақтық экономиканы әртараптандыру инвестиция тарту мен мықты кадрларды дайындау арқылы қолжетімді болмақ. Осы бағдар бойынша Қызылорда облысы бірқатар жетістіктерге қол жеткізген. Бұл туралы Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қолдауымен өткен сарапшылар форумында айтылды. Облыста халықаралық қаржы ұйымдары салған инвестициялардың арқасында жалпы құны 300 миллиард теңгеден асатын 31 жоба іске асырылып жатыр. Индустрияландырудың екінші бесжылдығында жалпы құны 467 миллиард теңгені құрайтын, 6 мыңдай адамға жұмыс беретін 41 жобаны іске асыру жоспарланған. Сауатты кадрлар дайындау мақсатында 300-ден астам қызылордалық түлек Ресейдің жетекші университеттерінде білім алып жатыр.

Берік Әбдуәлиұлы, саясаттанушы:

Әртараптандырудың басты мақсаты - бүгінгі жүргізіліп жатқан саясат бұл - осы дағдарыстан тәуелсіз болу ықпалын шектеу. Өйткені, көптеген құрылысқа байланысты, ауыл шаруашылығына байланысты жобалардың мақсаты сол ең басты нарыққа қалыптасып, тәуелсіз болу. Бұның жемісін әрине, халық көреді.

 Ш.САҚТАПОВ