Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Атырауда «Сыбайлас жемқорлықсыз ел - гүлденген ел» шарасы өтті

AstanaTV
14.02.2017ж. 20:00
2837
Атырауда «Сыбайлас жемқорлықсыз ел - гүлденген ел» шарасы өтті

«Сыбайлас жемқорлықсыз ел - гүлденген ел». Атырауда осы тақырыпты арқау еткен шара өтті. «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері политехникалық колледждің студенттеріне Елбасы Жолдауындағы басты бағыттарды түсіндірді.

Қоғамның дертіне айналған сыбайластықпен күрес туралы саяси құжаттың бесінші бағытында айтылған. Жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оны тамырымен жою жұмысын күшейту маңызды. Аймақта 24 жоғары және орта кәсіптік оқу орны бар. Оларда 28 мыңдай студент білім алады. «Жас Отанның» белсенділері наурыз-сәуір айларында білім қуған жастармен осы бағытта бірнеше басқосулар өткізуді жоспарлап отыр.

Ринат Ғилажев, Атырау облыстық «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы:

Кәсіпкерліктің аясында жастардың өзі білімді болуы керек. Егер білімсіз жастар болатын болса, білім алу жолында жемқорлыққа әкеп соғады. Сондықтан біз нақты түрде түсіндіріп жатырмыз, жемқорлықтан қандай пайдасыз, яғни зиян екенін қоғам үшін.

Еркебұлан Серікқалиев, студент:

Барлық салада ІТ-технологияға ден қойып жатқан тұста техниканы меңгерген жастарға артылар сенім жүгі ауыр. Осыны жақсы сезінеміз. Колледжде «парасыз сессия» шарасы жиі өтіп тұрады. Жақсы білім алу үшін бағаны сатып алмау керектігін түсінеміз.