Сириядағы
жағдайды реттеу бойынша Астанада өтетін жиынға қатысушы мемлекеттер анықталды. Бұл туралы сыртқы істер министрі
Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді. Аталған келіссөздер Елордада ақпанның 15 мен 16-сында өтеді деп жоспарланған. Министрдің сөзінше, Ресей, Иран, Түркия, Иордания
мен Сирия үкіметі Астана келіссөзіне қатысатынын растады. Сондай-ақ кепіл болып
отырған мемлекеттер келіссөзге АҚШ тарапын да шақырған. Алайда осы жолғы шараға
АҚШ қатыса ма, жоқ па - ол жағы әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, жиында
қарулы қақтығыстарды тоқтатуды қадағалайтын оперативті топ құру жөніндегі
құжаттар қаралады.
Қайрат
Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
Кепіл
мемлекеттермен қатар осы мәселеге қызығушылық танытқан елдер қозғап отырған
нақты сауалдар бар. Алдымен, әрине, атыс-шабысты доғаруға қатысты. Мұнда осы
режимді қалай сараптауға болатыны жайлы әңгіме қозғалады. Келісімді бұзған
жағдайда, бұған жол берген мемлекетке қандай санкциялар қолданылатыны да сөз
болады.