$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

AstanaTV
04.06.2024ж. 10:33
776
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.


       "Құрметті достар!

Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік рәміздеріміз – еліміздің егемендігі мен біртұтастығының айшықты бейнесі, ажырамас белгісі. Ұлттық кодымыздың символдық көрінісі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұны «Жұртымыздың өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Біз осы мәдени кодымызды сақтап, бабалар жолымен жүруіміз керек. Ұлттық бірегейлігіміз мемлекеттік рәміздерде айқын көрініс тапқан» деп нақты атап өтті.
Рәміздер тәуелсіздігіміздің бедерлі белгісі болумен қатар, ұлттық бірегейлігімізді қалыптастыруға, мемлекеттілігімізді нығайтуға оң әсерін тигізуде. Халқымыздыбір тудың астында біріктіріп, ортақ мұрат жолында ұйыстыруда.
Терең тарихымыз бен елдік дәстүрлерімізден бастау алған осынау мемлекеттік нышандарымыз алдағы уақытта да ұлтымыздың рухын асқақтатып, отаншылдық сезімін ұштай түсетіні сөзсіз. Рәміздерді құрметтеу, оны мақтан тұту – әрбір азаматтың қастерлі парызы. 
Елдігіміздің алтын күмбезі іспеттесмемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі арта берсін. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.

Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, көк туымыз көгімізде желбірей берсін",-делінген құттықтауда.