$447.8 €516.76 ₽5.3
×

Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан арнаулы қызметтері басшыларының кездесуі туралы

Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан арнаулы қызметтері басшыларының кездесуі туралы
ҰҚК баспасөз қызметі

Терроризмге, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымына, сондай-ақ трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Бурабайда қазіргі заманғы қатерлер жағдайында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған Орталық Азия мемлекеттері мен Әзірбайжан арнаулы қызметтері басшыларының кездесуі өтті, – деп хабарлайды  Astana TV

Іс-шараға Қазақстанның ҰҚК, Әзербайжанның МҚҚ, Қырғызстанның ҰҚМК, Тәжікстанның ҰҚМК, Түрікменстанның ҰҚМ және Өзбекстанның МҚҚ басшылары қатысты.

Кездесуге қатысушылар жағдайды бағалау бойынша пікір алмасып, терроризмге, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымына, сондай-ақ трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты одан әрі нығайту мақсатында өзара тығыз іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.