$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Жоқ өнімге жалған құжат жасап, мемлекеттен 12 миллион теңге алған

AstanaTV
14.06.2024ж. 15:15
1687
Жоқ өнімге жалған құжат жасап, мемлекеттен 12 миллион теңге алған

Мұны прокуратура мамандары тексеріс барысында анықтады.

Жоқ өнімге жалған құжат жасап, мемлекеттен 12 миллион теңге алған.

Шымкентте кәсіпкерлер 600 мың литрден аса сүтті өткіздім деп жалған құжат тапсырған, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Ауыл шаруашылығымен айналысатын адам өзі өндірмеген өнім үшін мемлекеттен 12 миллион теңге субсидия алған. Қазір іс Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа жолданды.

"Тауар өндіруші сүт өнімін сүтті өңдейтін кәсіпорындарға өткізуі керек болған. Кәсіпорындардың қала прокуратурасына берген мәліметіне сәйкес бұл тауар өндірушіден ешқандай өнім алмағаны белгілі болды. Мемлекеттен бөлінетін субсидия тауар бағасын арзандатуға бағытталған. Әр литріне 20 теңгеден төленеді", - дейді Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма аға прокуроры Қали Бейсенбаев.

Дәл осындай жолмен мемлекет қаражатын негізсіз алмақ болған бірнеше кәсіпкер анықталған. Олардан қазір 24 миллион теңге қаржы өндірілді. Ал бұл іске жауапты ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының 6 лауазымды тұлғасы, оның ішінде басқарма бастығының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.