Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Адамша өмір сүру құқығы

AstanaTV
18.02.2017ж. 20:00
2632
Адамша өмір сүру құқығы

Былтыр аштық пен ауру меңдеп азып-тозған нигериялық баланың суреті әлеуметтік желілер арқылы тарап, көпшілікті тіпті жылатқан. Балақайдың аш-жалаңаш күйін көрген ерікті /волонтер/ Аня Рингрен Ловен оны қамқорлығына алған. Кішкентай Хоуп бүгінде қалай өзгерді? Баланың қазіргі күйін көрсететін видео The Independent  басылымының  Facebook желісіндегі арақшасында жарияланды.

Қазіргі таңда Хоуп басқа балалар секілді мектепке барып, өзіне достар тапқан. Тамағы тоқ. Томпиып ғана жүр. Бұрынғы кейпінен жұрнақ та қалмаған. Қуанасың, кәдімгідей. 

Өмірі өзгергендердің бірі – Ақтөбедегі Шыныбековтер отбасы. Былтыр интернет порталдарға олардың да адам жылайтын халі суреттелген материалдар шыққан. 

Қала шетіндегі саяжайлардың бірінде, құрылысы аяқталмаған, едені жоқ, есік-терезесіз үйде тұрып жатқан отбасының тұрмысы адам аярлықтай еді. Мына кадрлар сол кезде таспаға басылған. 6 баланың үлкені кәмелет жасына енді ғана жеткен, ал кішісі бір жасқа да толмаған. Қара күзде отағасы Бақыт инсульт алып, ауруханаға түскенде тоңған балаларының үйдегі көрпе-жастыққа дейін пешке салғанын естіген ақтөбеліктер олардыдалада қалдырмады. Қайырымды жандар бір айға пәтер жалдап, балаларды сонда орналастырды. Бір ай ішінде алқам-салқам үйді адам танымастай етіп қайта тұрғызып берді. Көгілдір отын тартылды. Қазір балалар жылы үйде алаңсыз асыр-салып жүр. Отағасы енді ауыз су мәселесі алқымнан алып тұрғанын айтады. Сосын: 

Бақыт Шыныбеков, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Екі қызым балабақшаға барады. Жолды көріп тұрсыздар. Автобус қатынамайды. Машинам бар еді, банк алып қойды... 

Колледждің соңғы курсында білім алып жүрген үлкен қызы оқу ақысын төлеуден босатылыпты. Ал мектептегі екеуінің үлгерімі жақсы. Қазір бесінші сыныпты оқитын Жасмин талантты. Өлең жазады, ән айтады. Жақында Алматыда өткен республикалық байқаудан екінші орын алып келген. Кішкентай болса да сөзі мығым, арманы асқақ.

Ал, отбасын асырау үшін үнемі Тараз қаласында сауда жасап жүретін әйелі әлі оралмаған. Бұл жеке бастың шаруасы. Бірақ... жұмсартып айтқанда, түсінбеймін...