$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Қазақстанда бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің мәртебесі бекітіледі

Қазақстанда бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің мәртебесі бекітіледі

Қазақстанда бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің мәртебесі бекітіледі. Бұл 16-маусымнан бастап күшіне енетін әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңда көрсетілген. 20 аймақта қазір өңірлік уәкіл бар. Олар енді Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен тығыз байланыста жұмыс істейді. 

Юлия Овечкина, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өңірлік уәкілдер ведомствоаралық байланысты үйлестіреді. Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер институтын енгізу балалардың құқықтарын қорғау жүйесін нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл балалардың құқықтарының бұзылуына барынша тиімді ден қоюға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қылмыстық іс жүргізу және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге ауқымды түзетулер енгізілді. Онда жас балаларға жасалған жыныстық зорлық-зомбылық үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргендерге 738 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, 200 сағатқа дейінгі мерзімге түзеу жұмыстары немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынады. Мұндай әрекеттер қайталанса қылмыскер 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 

Ренат ЗУЛХАИРОВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсетуге байланысты қылмыстар үшін татуласу мүмкіндігі алынып тасталды. Денсаулыққа қасақана ауыр, орташа ауырлықтағы зиян келтіру және азаптау үшін жауапкершілікті қатайту, бас бостандығын шектеу сияқты жаза түрін алып тасталды. Сондай-ақ кәмелетке толмаған баланы зорлағандар енді тек өмір бойына бас бостандығынан айырылады.