$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Шахматтан әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке автокөлік сыйға берілді

AstanaTV
21.06.2024ж. 23:10
2651
Шахматтан әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке автокөлік сыйға берілді

Алматыда шахматтан өткен XXVI Азия чемпионаты аяқталды. Біріншіліктің жабылу салтанатында шахматтан 20 жасқа дейінгі жаңа әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекке ерекше құрмет көрсетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, KazСhess президенті Тимур Турлов Қазыбекке су жаңа электрокарды сыйлады.

Айта кетейік, Қазыбек Нөгербек Үндістанда өткен әлем чемпионатында классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинап, жарыстың чемпионы атанды. Қазір оның FIDE-дегі рейтингі – 2501 ұпай. Үндістандағы тарихи жеңісінен кейін Қазыбек Нөгербек әлем кубогына жолдама алды.