$477.03 €521.44 ₽5.43
×

Астанада көпқабатты тұрғын үй жертөлесінде орналасқан дәмхана өртенді

AstanaTV
23.06.2024ж. 21:37
195
Астанада көпқабатты тұрғын үй жертөлесінде орналасқан дәмхана өртенді

2024 жылы 23 маусымда Астана қаласында көпқабатты тұрғын үйдің жертөле қабатында орналасқан дәмханалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Құтқарушылар өрт кезінде бір оттегі баллонын сыртқа алып шықты.

"Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды", делінген ведомство хабарламасында.