$477.03 €521.44 ₽5.43
×

Астанада кейбір автобустардың жүріс бағыты өзгерді

AstanaTV
23.06.2024ж. 23:38
202
Астанада кейбір автобустардың жүріс бағыты өзгерді

2024 жылы 23 маусымда таңертеңнен бастап Астанада жол жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатуына байланысты бірнеше жолаушылар автобусының қозғалыс кестесіне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды  "City Transportation Systems" ЖШС баспасөз қызметі.

"Бүгін таңертеңнен бастап жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 4, 4А, 21, 32, 43, 50, 66, 84, 3, 19, 29, 29А, 40 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", делінген CTS хабарламасында.