$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қытайға алғаш рет отандық «Нива» көлігінің 120 данасы экспортталды

AstanaTV
21.02.2017ж. 20:00
2336
Қытайға алғаш рет отандық «Нива» көлігінің 120 данасы экспортталды

Бүгін алғаш рет Қазақстанда жасалған 120 «Нива» автокөлігі Қытайға экспортталды. Олар темір жолмен діттеген жеріне 5 күннен кейін жетпек. Зауыт мамандарының айтуынша, көліктердің сапасы мен бағасы Аспан асты еліндегі әріптестердің көңілінен шыққан. Алдағы 3 айда тағы 800 автокөлік жібермекші. Жалпы, отандық тауар өндірушілер аталған мемлекетке «Нива» көлігінің 3,5 мың данасын жөнелтуді жоспарлап отыр.

«Азия Авто» компаниясы президентінің өндірісті дамыту бойынша орынбасары Андрей Толстиковтың айтуынша, Қытай нарығына қол жеткізу оңай болмапты. Қытай - түрлі баж салықтары арқылы импортқа шектеу қойған ел. Шекарадан асқан тауардың құны 1,5 есе қымбаттай түседі. Алайда, қос елдің тараптары ортақ мәмілеге келген.

Андрей Толстиков, «Азия Авто» АҚ өндірісті дамыту жөніндегі вице-президенті:

Қытайда көліктер сертификациялаудың бүкіл кезеңдерінен өтті. Біз әріптестерімізбен бірнеше мәрте кездестік. Лада темір тұлпары соңғы уақытта әбден жетілдірілген болатын. Заманауи бампер, тежегіш жүйесі, қосымша қауіпсіздік шараларының енгізілуі Қытай нарығына шығуға мүмкіндік берді. Қытайды жалғыз ел ретінде емес, бүтін бір континент ретінде көру керек. Бұл елде біздің әлеуетіміз зор. Біздің жетістіктеріміз тікелей қазіргі қарекетімізге тәуелді.