$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Алматы қаласында жаңадан салынған тұрғын үйлерге вибродинамикалық сынақтар жүргізілді

28.06.2024ж. 20:00
463
Алматы қаласында жаңадан салынған тұрғын үйлерге вибродинамикалық сынақтар жүргізілді

Алматыда 16 қабатты тұрғын үй кешеніне вибродинамикалық және статикалық сынақ жүргізілді. Мамандардың айтуынша, сейсмикалық қауіпті аймақтағы көпқабатты монолитті үйдің құрылыс ерекшелігі бағаланады. Сынақ бірнеше кезең бойынша өткізілген. Әр кезең сайын жүктеме артқан. 

Алматы қаласындағы 16 қабатты монолитті тұрғын үйге табиғи вибродинамикалық сынақтар жүргізілді. Бұл заманауи тұрғын үйлердің сейсмикалық әсерлерге тұрақтылығын іс жүзінде бағалауға және қолданылатын технологиялардың тиімділігін растауға мүмкіндік береді.

Бегман КӨЛБАЕВ, ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ СӘУЛЕТ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Негізгі мәселенің барлығы осы соңғы 2-3 жылдарда әлемдегі болып жатқан оқиғаларға байланысты және де осы 2024 жылы Алматы қаласында орын алған қаңтар мен наурыз айларында болған зілзала землятрясение дейміз ғой енді сол орын алған оқиғаны егжей тегжейлі және кеңінен талқылау.

Айтып келмейтін апаттарға дайын болу үшін мықты тұрғын үйлерді көптеп тұрғызудың маңызы зор. Бұл -заман талабына сай салынған ғимараттың жер сілкінісіне төзімділігін анықтау үшін арнайы жүргізілген вибросынақ. Ең жоғары деңгейі- 9 балл.

Ералы ШОҚБАРОВ, «ҚАЗҚСҒЗИ» АҚ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Жылына 2-3 рет өтеді. Тек қана Алматыда емес мысалы былтыр Шымкентте 2 сынақ өткіздік. 9 қабатты ғимарат сосын 3 қабатты ғимарат. Былтыр Алматы қаласында 2 сынақ өткіздік. Бұл сынақтың ерекшелігі проект жоба жасалынады, есеп-қисап жасалынады. Бірақ соның барлығын осы сынақ арқылы тексеруміз керек. Мысалы біздің есеп-қисап жасаған кезде берілетін жаңағы коэфиценттерді осы сынақтың арқасында пысықтаймыз.

Бұл сынақ- әр құрылыс нысаны қолданысқа берілгенге дейін жасалынатын маңызды шаралардың бірі. Мамандар бұндай тексерісті жаңадан салынған әрбір ғимаратқа жүргізілуі керектігін айтады.