Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қазақстан құрамасы Азиада ойындарында тағы да 3 медаль еншіледі

AstanaTV
22.02.2017ж. 20:00
2269
Қазақстан құрамасы Азиада ойындарында тағы да 3 медаль еншіледі

Қазақстан құрамасы Азиада ойындарында тағы да 3 бірдей қола медалді қанжығасына байлады. Шаңғымен тұғырдан секіруде Сергей Ткаченко алаң қожайындары Юки Сато мен Юкен Ивасты алдына жіберсе, шорт тректегі 3000 метрлік эстафета да әйелдер құрамасы 3-ші орынға табан тіреді.

Ерлер арасында конькимен жүгіруде Дмитрий Бабенко, Фёдор Мезенцев, Артем Крикунов және Денис Кузин де алғашқы үштікті қорытындылады.

Ал, хоккейшілер арасындағы бәсеке енді басталды. Құрлықаралық біріншіліктегі алғашқы ойында жерлестеріміз Сергей Старыгин шәкірттері Оңтүстік Корей хоккейшілерін 4:0 есебімен тас-талқан етті.